Жаңалықтар

«Алтыналмас» акционерлеріне 33,2 млрд теңге дивиденд төлейді

«Алтыналмас» компаниясы қанша дивиденд төлейді / Фото: kursiv.media

«Алтыналмас» АҚ 2024 жылғы дивидендтердің бір бөлігін төлейді. Акционерлер жиналысында осындай шешім қабылданған.

Компанияның мәліметінше, 2025 жылғы 11 маусымда акционерлерге 33,2 млрд теңге аударылған. Бір қарапайым акцияға төленетін дивиденд құны – 7 921 теңге. 2024 жылдың қорытындысы бойынша жалпы дивиденд сомасы 77 млрд теңгеден асады.

«Алтыналмас» АҚ – Қазақстандағы алтын өндіруші ірі үш компанияның бірі. Ол бағалы металл өндірісі мен ресурс базасының көлемі бойынша жетекші орында. Компания активтері Жамбыл, Павлодар, Қарағанды, Абай және Ақмола облыстарында орналасқан.

Былтыр «Алтыналмас» 6,6 млрд теңгеге «Майқайыңалтын» компаниясын сатып алған еді.