Бағдат Мусин суперкомпьютер Қазақстанда қашан іске қосылатынын айтты

Жарияланды 20 Маусым 2025 12:36

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

Business News бөлімінің тілшісі a.abitay@kursiv.media
Мусин уверен, что ни одной видеокарты из суперкомпьютера не украли
Фото: Бағдат Мусиннің жеке парақшасынан

Қазақстанға келген суперкомпьютер маусымның соңында іске қосылады. Қазір монтаждау жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жайлы «Қазақтелеком» компаниясының басқарма төрағасы Бағдат Мусин инстаграмдағы парақшасында жазды.

«Біздің NVIDIA H200 негізіндегі суперкомпьютеріміз қазірдің өзінде елде. Жақында Алматыда – «Қазақтелеком» деректер орталығының алаңында монтаждау жұмыстарын бастаймыз. 10 күннен кейін ол дайын болады. Асыра сілтеусіз айтсақ… мықты зат: 6,7 миллион CUDA ядро, 1600 петафлоп және ондаған терабайт GPU жады», – деп жазды ол өзінің желісінде.

Мусиннің түсіндіруінше, бұл суперкомпьютер:

  • техногендік апаттар мен қауіп-қатерді олар басталмай тұрып модельдеуге
  • қалалардағы трафикті алдағы жылдарға есептеуге
  • дәрігерлерге деректердің үлкен массивтері негізінде тезірек диагноз қоюға
  • қазақ тілін, мәдениетін, тарихын және қазіргі контекстін түсінетін үлкен тілдік модельдерді үйретуге көмектеседі.

Болашақта бұл суперкомпьютерді мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар мен корпоративтік тапсырыс берушілер пайдалана алады дейді «Қазақтелеком» компаниясының басшысы.

Бағдат Мусин «Қазақтелекомның» NVIDIA техноалпауытының Орталық Азиядағы алғашқы ресми серіктесі болғанын атап өтті.

Осыған дейін цифрлық даму министрлігі Қазақстанда Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютер іске қосылатынын хабарлады. Ол жасанды интеллект пен жоғары өнімді есептеулерге арнайы жасалған NVIDIA H200 жаңа графикалық чиптерінің негізінде жұмыс істейтін болады.

Сондай-ақ оқыңыз