Енді бір және екі теңгелік монеталар шығарылмайды

Жарияланды 20 Маусым 2025 09:45

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

Business News бөлімінің тілшісі a.abitay@kursiv.media
Фото: Zakon.kz

Ұлттық банк 1 және 2 теңгелік ұсақ монеталар шығаруды ресми түрде тоқтатты. Бұл туралы бас банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді.

Оның айтуынша, мұндай монеталарды әрі қарай соғу экономикалық тұрғыдан тиімсіз.

«Бізге (1 теңгені – ред.) соғудың тиімсіз екенімен келісеміз. Негізгі жоспарымыз мынадай: айналымда бар монеталар қала береді, бірақ жаңасын соғуды жоспарлап отырған жоқпыз. Бұл 2 теңгелік монеталарға да қатысты», – деді Тимур Сүлейменов Сенаттың кулуарында.

Айта кетейік, бұл мәселені Сүлейменов бұған дейін де көтерген еді. Сәуірдегі жиынның бірінде ол ұсақ монеталардың өндіріс құны олардың номиналынан асып кететінін айтқан. Енді ресми түрде заңды күшіне енді, ұсақ монеталардың соғылуы тоқтатылды.

Соңғы күндері нарықты ұлттық валютаның әлсірегені байқалды. Доллар курсы теңгеге шаққанда 520 теңгеге көтерілді. Тимур Сүлейменовтің түсіндіруінше, бұған жазғы демалыс маусымы себеп болған.

Сондай-ақ оқыңыз