Халық Банк өткен жылы топ-менеджерлеріне 4 млрд теңге төлеген

Жарияланды 20 Маусым 2025 17:53

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

Business News бөлімінің тілшісі a.abitay@kursiv.media
народный банк
Фото: ашық дереккөзден

2024 жыл үшін «Халық Банк» басқарма мүшелеріне 4,056 млрд теңге төлейді Бұл жайлы Қазақстан қор биржасындағы хабарламадан белгілі болды.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) 2024 жылдың қорытындысы бойынша Банктің атқарушы органының мүшелеріне төленген жалпы сыйақы мөлшері туралы ақпаратты ұсынады. Оған еңбекақы мен ақшалай түрдегі барлық ынталандыру төлемдерінің жиынтық сомасы кіріп, 4 056 620 635,74 теңгені құрады», – деп жазылған хабарламада.

2023 жылы банк топ-менеджерлеріне 3,2 млрд теңге төлеген еді.

Халық Банк сайтындағы дерек бойынша, басқарма кеңесінде тоғыз адам, ал директорлар кеңесінде алты адам бар. Басқарма төрайымы – Үміт Шаяхметова.

Осыған дейін банк акционерлері жалпы жиналыста қарапайым акциялар бойынша 323,5 млрд теңге дивиденд төлеу туралы шешім қабылдаған. Қаражаттың көп бөлігін Тимур мен Динара Құлыбаевтар алады. Ерлі-зайыптылар қаржы ұйымын «АЛМЭКС» компаниясы арқылы басқарады.

Сондай-ақ оқыңыз