
2024 жыл үшін «Халық Банк» басқарма мүшелеріне 4,056 млрд теңге төлейді Бұл жайлы Қазақстан қор биржасындағы хабарламадан белгілі болды.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) 2024 жылдың қорытындысы бойынша Банктің атқарушы органының мүшелеріне төленген жалпы сыйақы мөлшері туралы ақпаратты ұсынады. Оған еңбекақы мен ақшалай түрдегі барлық ынталандыру төлемдерінің жиынтық сомасы кіріп, 4 056 620 635,74 теңгені құрады», – деп жазылған хабарламада.
2023 жылы банк топ-менеджерлеріне 3,2 млрд теңге төлеген еді.
Халық Банк сайтындағы дерек бойынша, басқарма кеңесінде тоғыз адам, ал директорлар кеңесінде алты адам бар. Басқарма төрайымы – Үміт Шаяхметова.
Осыған дейін банк акционерлері жалпы жиналыста қарапайым акциялар бойынша 323,5 млрд теңге дивиденд төлеу туралы шешім қабылдаған. Қаражаттың көп бөлігін Тимур мен Динара Құлыбаевтар алады. Ерлі-зайыптылар қаржы ұйымын «АЛМЭКС» компаниясы арқылы басқарады.