Microsoft мыңдаған қызметкерлерін қысқартады

Microsoft компаниясының басшылығы мыңдаған қызметкерін жұмыстан босатады. Бұл жайлы The Wall Street Journal жазады. Компанияның қаржылық есебіне сүйенсек, қысқартулар осы жылы шілдеде басталады.
Бұған дейін техноалпауыт 7 мың адамды қызметтен босатқан еді. Олардың басым көпшілігі негізінен бағдарлама әзірлеушілер. Осыдан кейін Bloomberg компанияның тағы да 300 адамды қызметтен босатқалы жатқанын жазды.
2025 жылы сәуірде Microsoft басшылығы шағын және орта клиенттеріне бағдарламалық әзірлеме сатуды енді сыртқы фирмаға тапсыратынын айтқан. Компанияның түсіндіруінше, серверлер мен деректерді өңдеу орталықтарына миллиардтаған доллар бөледі. Енді инвестор шығынды азайту деген тапсырма қойған, сондықтан басқа секторлардағы қысқартулар басталған.
2024 жылғы дерек бойынша, компанияда 230 мың қызметкер болды. Олардың 45 мыңы сату және маркетингпен айналысады.
Microsoft– технология саласындағы әлемдегі ең қымбат компаниялардың бірі. Капиталы 3,441 трлн долларға тең.