Ормұз бұғазы жабылса, мұнай 90 долларға дейін қымбаттайды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Парсы шығанағындағы Ормуз бұғазы жабылса, мұнай құны көтеріледі / REUTERS/Hamad I Mohammed/
Парсы шығанағындағы Ормуз бұғазы жабылса, мұнай құны көтеріледі / REUTERS/Hamad I Mohammed/

Citigroup Парсы шығанағындағы Ормуз бұғазы жабылса, Brent маркалы мұнай бағасы 90 долларға дейін көтерілуі мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы Bloomberg хабарлады.

«Бұғаздың жабылуы бағаны бірден көтеріп жібереді. Бірақ ол ұзаққа созылмауы мүмкін. Себебі бәрі оны тезірек ашуға күш салады. Сондықтан бұғаз бірнеше айға жабылмау керек», – дейді компанияның сарапшылары.

Ормуз бұғазы — Парсы шығанағына кіретін шағын су жолы. Ол арқылы күнде әлемде өндірілетін мұнайдың бестен бірі өтеді. Сауд Арабиясы мен Ирак мұнайы осы теңіз жолы арқылы тасымалданады.

Citigroup болжамына қарағанда, бірнеше ай көлемінде күніне шамамен 3 млн баррель мұнай тасымалы бұзылады.

Мамандар Иран өндіретін мұнай экспортының тежелуі бағаға айтарлықтай қатты әсер етпейтінін болжап отыр. Бұған дейін Таяу Шығыстағы қақтығыстан мұнай 120 долларға дейін көтеріліп кетуі мүмкін екендігі айтылған.

Қазір Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің фьючерстері шамамен 77 доллардан саудаланып жатыр.

19 маусымда Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мұнай экспорттаушы Қазақстан үшін мұнайдың қымбат болғаны тиімді деп мәлімдеген.

Сондай-ақ оқыңыз