Бублик Германиядағы ірі турнирдің жартылай финалына шықты
Жарияланды

Қазақстанның бірінші теннисшісі Александр Бублик Германияның Галле қаласында өтіп жатқан ірі турнирдің жартылай финалына өтті.
Ол чех теннисшісі Томаш Махачты екі сетте жеңді. Матч 7:6, 7:3 есебімен аяқталды. Бублик 19 мәрте эйс орындап, үш рет брейк жасады. Ол жартылай финалда Томас Мартин Этчеверри мен Карен Хачанов матчының жеңімпазымен кездеседі. Тағы бір жартылай финалда Александр Зверев пен Даниил Медведев кездеседі. Финалға шығатын екі теннисші сенбі күні анықталады.
Естеріңізге сала кетейік, бір күн бұрын Бублик әлемнің бірінші теннисшісі Янник Синнерді үш сетте жеңген.
Ал екі апта бұрын Қазақстанның бірінші теннисшісі Роланд Гаррос турнирінің ширек финалына дейін жеткен.