Рыбакина әлемнің бірінші теннисшісінен жеңіліп қалды

Қазақстан спортшысы Елена Рыбакина Берлинде өтіп жатқан ірі турнирде әлемнің бірінші теннисшісі Арина Сабаленкаға есе жіберді.
Тартысты өтен матч үш сетке созылды. Жеңімпаз ойын соңындағы тайбрейкте ғана анықталды. Рыбакина төрт бірдей матчболды жүзеге асыра алған жоқ. Есеп 7:6, 3:6, 7:6.
Осылайша, Қазақстанның бірінші теннисшісі жарысты ширек финалда аяқтады. Енді ол Үлкен дулыға санатына жататын Уимблдон турниріне дайындалады. Рыбакина бір мәрте Лондондағы осы жарыстың жеңімпазы атанған.
Естеріңізге сала кетейік, осының алдында Қазақстанның бірінші теннисшісі Александр Бублик Германияның Галле қаласында өтіп жатқан ірі турнирдің жартылай финалына шықты. Ол чех теннисшісі Томаш Махачты екі сетте жеңді. Матч 7:6, 7:3 есебімен аяқталды.
Жартылай финал ойындары ертең, 21 маусымда өтеді. Бублик финалға шығатын жолдамаға Карен Хачановпен таласады.
Айта кетейік, бір күн бұрын Бублик әлемнің бірінші теннисшісі Янник Синнерді үш сетте жеңген.