Димаш Құдайберген Қытайдың ықпалды газетіне сұхбат берді

Жарияланды 21 Маусым 2025 16:20

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
Димаш Құдайберген Қазақстан мен Қытай достығы туралы ойын айтты / фото: Kursiv.Media мұрағатынан
Димаш Құдайберген Қазақстан мен Қытай достығы туралы ойын айтты / фото: Kursiv.Media мұрағатынан

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген Қытайдың «Жэньминь жибао» газетіне сұхбат берді. Қысқаша видео-сұхбат танымал әншінің ресми сайтында жарияланды.

Димаш қытай басылымына Орталық Азия мен Қытай арасындағы достық, музыка құдыреті туралы не ойлайтынын айтқан.

«Мен Қазақстанда, әнші отбасында туып өстім. Әнді көп тыңдадым. Алайда мен күндердің күнінде үнім биік тауларды асып, Қытайға дейін жетеді деп ойламадым», — дейді әлемге танымал жұлдыз.

Ол қытай әндерін жаттап, осы елдегі шоуларға жиі қатысады. Әнші өнері арқылы көпшілікке Қазақстан мен Орталық Азия туралы көбірек мәлімет беруге тырысады.

«Адамдардың кейбірі мені «өнер елшісі» деп атайды, бірақ мен ән айтуды ұнататын, 90-жылдары туған қарапайым ғана жігітпін», — деді эстрада әншісі.

Димаш сұхбат барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы әртістерді музыка арқылы біріктірген Сянь Синьхай көшесін мәдениет алмасу символы деп сипаттады.

«Менің әнім қытай достарыма Қазақстан мен Орталық Азия туралы көбірек білуге көмектессе, сонымен бірге өңірдегі халықтарды қытай мәдениетімен байланыстырса, оны қуанышты оқиға деп қабылдар едім», — деді Dimash.

«Қытай — Орталық Азия» форумы қарсаңында, 17 маусымда, әнші Астанада үлкен концертте ән салды. Ол қытай тілінде «Jasmine» әнін орындады. Бұған қоса, қытай әншісі Гун Линнамен бірге «Қараторғай» әнін шырқады.

Бұған дейін Kursiv.Media Димаштың Қазақстан мен Қытай туризмін дамытуға үлес қосып жүргені туралы жазған.

Осы күндері Қазақстанның халық әртісі Нью-Йорк қаласындағы ірі концертке дайындалып жүр. Билеттер маусымның басында сатыла бастаған.

Сондай-ақ оқыңыз