Toyota мен Lexus қымбаттайды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
2025 жылғы шілдеде Toyota көліктері қымбаттайды / фото: media.lexus.ca, бильд-редактор: Милош Муратовский
2025 жылғы шілдеде Toyota көліктері қымбаттайды / фото: media.lexus.ca, бильд-редактор: Милош Муратовский

2025 жылғы шілде айынан бастап Toyota Motor Corp өндіретін автокөліктердің бірқатарының бағасы АҚШ-та кем дегенде 200 долларға көтеріледі. Lexus көліктері де қымбаттайды. Бұл туралы Bloomberg хабарлады.

Жапон автогигантының өкілі Нобу Сунага Toyota және Lexus автокөліктерінің бағасы орташа есеппен 270 және 208 долларға қымбаттайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа баға нарық жағдайы мен бәсекеге байланысты анықталады. Бірақ топ-менеджер соны өзгерістің нақты себептерін атамады.

Осының алдында ғана Mitsubishi Motors Corp осы айда Құрама Штаттарда сатылатын үш түрлі көлігінің бағасын көтерген. Компания баға инфляцияға байланысты өзгерді деп түсіндірген.

Жапон автоөндірушілер АҚШ нарығында сауда қалай жүретініне тәуелді. Олар енді президент Дональд Трамптың жаңа тарифтеріне бейімделуге мәжбүр. Құрама Штаттар автомобиль мен оның бөлшектері импортына баж салығын көтеріп жіберген.

Бұған дейін Kyodo агенттігі де Toyota қымбаттап жатқанын хабарлаған.

Жақында ғана Қытайдың BYD автогиганты электромобиль мен гибрид автокөліктерінің бағасын бірден 35%-ға түсіріп жіберген. Компанияның баға саясаты нарыққа айтарлықтай әсер еткен. Енді автогигант кеден салығы өте төмен Бразилия базарын жаулап алып жатыр. Жергілікті халық қытай көліктерінің қаптағанына наразы.

Бұл уақытта Jeep шығаратын компания Maserati брендін сатқалы жатыр. Себебі люкс санатындағы қымбат көліктер сатылмай қалды. 2024 жылы осы брендпен көлік шығаратын 260 млн еуроға (298 млн доллар) шығынға батқан. Енді Maserati брендін Chery секілді қытай автокомпаниялары сатып алуы мүмкін. Себебі олардың өнімдері бұл құрлықта жергілікті тұтынушыларға аса танымал емес.

Сондай-ақ оқыңыз