Жаңалықтар

Елордада 20-дан аса автобустың қозғалыс бағыты уақытша өзгерді

Астанада автобустардың қозғалысы уақытша өзгерді/фото: shutterstock

Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты 20-дан астам автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді. Бұл туралы City Transportation Systems хабарлады.

№7, 42, 49, 61 бағдарының Ш. Айтматов көшесі бойындағы «Памир тұрғын үй кешені», «Ш. Айтматов көшесі» аялдамаларына тоқтау мүмкіндігі жоқ. Осыған байланысты бұл аялдамаларда жолаушыларды уақытша отырғызып түсірмейді.

№2, 3, 4, 4А, 18, 23, 25, 28, 30, 37, 44, 48, 58, 71, 73, 502 бағдарлары «7-я тұрғын үй кешені»,
«7-я тұрғын үй кешені» (Тойота сервис орталығы), «Шарль де Голль» аялдамаларына тоқтау мүмкіндігі жоқ. Осыған байланысты бұл аялдамаларда жолаушыларды уақытша отырғызып/түсірмейді

Сондай-ақ қалада №3, 4, 4А, 18, 23, 25, 28, 31, 40, 44, 48, 61, 71, 73, 503 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді.