Астанада жеңіл моторлы ұшақ апатынан екі адам қаза тапты
Жарияланды

Астана қаласы Жоламан әуеайлағы маңында ұшақ апатқа ұшырады. Көлік министрлігінің хабарлауынша, оқиға 22 маусым сағат 11:30-да болған.
«Оқу-жаттығу ұшуын орындау барысында TL-2000 әуе кемесі авиациялық оқиғаға ұшырады. Бұл ұшақ жеке тұлғаға тиесілі. Алдын ала мәліметке сәйкес, бортта екі экипаж мүшесі болды. Экипаж мүшелері қайтыс болды», – делінген ақпаратта.
Оқиғаны тергеп-тексеру үшін авиациялық оқиғалар мен инциденттер жөніндегі арнайы комиссия құрылады.
Көлік министрлігіне қарасты көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаменті қызметкерлері авиациялық оқиғаға орнына барады.