Жаңалықтар

Астанада жеңіл моторлы ұшақ апатынан екі адам қаза тапты

Жоламан әуеайлағы маңында авиациялық оқиғадан екі адам қаза тапты/ фото: tl-ultralight.cz

Астана қаласы Жоламан әуеайлағы маңында ұшақ апатқа ұшырады. Көлік министрлігінің хабарлауынша, оқиға 22 маусым сағат 11:30-да болған.

«Оқу-жаттығу ұшуын орындау барысында TL-2000 әуе кемесі авиациялық оқиғаға ұшырады. Бұл ұшақ жеке тұлғаға тиесілі. Алдын ала мәліметке сәйкес, бортта екі экипаж мүшесі болды. Экипаж мүшелері қайтыс болды», – делінген ақпаратта.

Оқиғаны тергеп-тексеру үшін авиациялық оқиғалар мен инциденттер жөніндегі арнайы комиссия құрылады.

Көлік министрлігіне қарасты көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаменті қызметкерлері авиациялық оқиғаға орнына барады.