Астанадағы ұшақ апаты: полиция тергеу жүргізіп жатыр

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Ұшақ апаты болғаннан кейін тергеу басталды/фото: tl-ultralight.cz

Көліктегі полиция Астанада TL-2000 ұшағы апатқа ұшыраған жағдайға байланысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Астана станциясындағы желілік полиция басқармасы TL-2000 маркалы жеке жеңіл әуе кемесінің апатқа ұшырауы фактісі бойынша қылмыстық кодекстің 344-бабының 3-бөлігі (темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады», – делінген ақпаратта.

Айта кетейік, апат салдарынан екі адам – ұшқыш пен жолаушы қаза тапты.

Айта кетейік, қайғылы жағдай Астана қаласы Жоламан әуеайлағы маңында 22 маусым сағат 11:30-да болған.

Көлік министрлігі ұшақ жеке тұлғаға тиесілі болғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз