
Көліктегі полиция Астанада TL-2000 ұшағы апатқа ұшыраған жағдайға байланысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.
«Астана станциясындағы желілік полиция басқармасы TL-2000 маркалы жеке жеңіл әуе кемесінің апатқа ұшырауы фактісі бойынша қылмыстық кодекстің 344-бабының 3-бөлігі (темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады», – делінген ақпаратта.
Айта кетейік, апат салдарынан екі адам – ұшқыш пен жолаушы қаза тапты.
Қайғылы жағдай Астана қаласы Жоламан әуеайлағы маңында 22 маусым сағат 11:30-да болған.
Көлік министрлігі ұшақ жеке тұлғаға тиесілі болғанын мәлімдеді.