
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Галле қаласында өткен TERRA WORTMANN OPEN турнирінің чемпионы атанды.
Ол финалда әлемнің 11-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведевті 6:3, 7:6(4) есебімен жеңіп, ATP 500 санатындағы бұл жарыста екінші рет топ жарды.
Осыған дейін қарсыластар алты рет кездесіп, соның бәрінде Медведев жеңген.
Айта кетейік, Бублик 2023 жылы дәл осы турнирде жеңіске жеткен.
Бұл – қазақстандық теннисшінің ATP турнирлеріндегі бесінші титулы.
Енді Александр Бублик дүйсенбіде жаңартылатын рейтингіде 30-орынға көтеріледі.