
Әлеуметтік желіде 2026 жылдан бастап Газа секторы тұрғындарын кезең-кезеңімен эвакуациялау басталатыны туралы ақпарат тарады.
Олардың Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдеріне көшірілетіні айтылған. StopFake бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Тараған ақпаратты мұны Сауд Арабиясының тақ мұрагері мәлімдеген деп көрсетілген.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі ақпаратқа түсініктеме берді.
«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Тек ресми ақпаратқа сенуіңізді сұраймыз», – деп хабарлады ведомство.
Бұған дейін G7 елдері Израильді қолдай отырып, Газадағы атысты тоқтатуды талап етті.