
Қазақстандық теннисші Зарина Диас (WTA 275) Испанияның Таусте қаласында өткен ITF W35 турнирінің чемпионы атанды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады.
Финалда қазақстандық теннисші итальялық Дилетта Черубиниді (WTA 446) 6:1, 6:7 (4:7), 6:1 есебімен жеңді.
Бұл Диас үшін ITF аясындағы мансабындағы 12-титул болды. Сонымен қатар оның WTA 250 деңгейінде бір трофейі бар.
Айта кетейік, ITF W35 — бұл Халықаралық теннис федерациясы (ITF) ұйымдастыратын әйелдер арасындағы кәсіби турнирлердің бірі.
Айта кетейік, Қазақстанның бірінші теннисшісі Александр Бублик Германияның Галле қаласында өтіп жатқан ірі турнирдің финалына шықты.