
Changan кроссоверлері тігілген «Жолан жүйрігі» республикалық ат бәйгесі өтті. Қарқарадағы қымызмұрындық соңында сәйгүліктер бақ сынады.
Бәйгеге еліміздің түкпір-түкпірінен және Қырғызстаннан келген 150-ге жуық жүйрік тұлпар қатысты.
31 шақырымдық Аламан бәйгесінде Айбалта атты сәйгүлікпен шабондоз Мейір Дәулетбай бірінші келді. Ат иесі – Жамбыл облысы, Қордай ауданы тумасы Айдар Нұрмұхаметов. Екі Changan кроссоверінің алғашқысын жамбылдықтар ұтып алды.
Екінші келген Қарагер сәйгүлігінің иесі – Шаабиден Тоқтосартов. Шабандоз Манас Замирбеков 2 500 000 теңге олжалады.

Отырар атты тұлпарды тізгіндеген Арыстанбек Аңсар мәре сызығын үшінші болып кесіп өтті. Аттың иесі – Алматы облысы Балқаш ауданының тұрғыны Сапарғали Сатпаев. Үшінші орынға 1 млн теңге жүлде берілді.
Төртінші орынды Хамза Марланұлы еншіледі. Аттың иесі Жетісу облысының Қаратал ауданынан келген Арыстан Нұрланұлы.
Бесінші орынның жүлдесі – 300 мың теңге. Ол Ақпан деген сәйгілікпен шапқан Орынтай Әмірғалиевке бұйырды. Ат иесі – Орынтай Әмірғалиев.

18 шақырымдық Топ бәйге тігілген Changan кроссоверлерінің бірі Алматы облысы Талғар ауданында жүйткімек. Бұл жарыста Қалқаман деген сәйгүлікті тақымдаған Амангелді Нұрисламның бағы жанды. Аттың иесі Қазбеков Мағауия.
Мамайқара сәйгүлігімен шапқан қарасайлық шабандоз Мерей Ғарипуллин мен ат иесі Секенай Бөбекбаевке 1 миллион теңге жүлде алды. Райымбектен дүбірлі додаға қатысып, Мердес атымен шапқан Раян Тілеубай (ат иесі – Азамат Молдатайұлы) 700 мың теңге ұтты. Төртінші орынға 500 мың, бесінші орынға 300 мың теңге бұйырды.

Changan кроссоверлерінен бөлек, жарыс жүлдесі ретінде миллиондар тігілді.
9 шақырымдық Құнан бәйгеде Қырғызстаннан келген қонақтардың мерейі үстем болды. Роки деген атты тақымдаған Арсен Болотбеков (ат иесі – Сталбек Жаманқұлов) 2 млн теңге олжалады.
Екінші орынды Алматы қаласынан келген тұлпар жеңіп алды. Айбатыр Сейтботқалов (ат иесі – Ертай Құрманғалиев) 1 млн теңге алды.
Қазақ халқының ұлттық спорт түрлері – тек ойын-сауық қана емес, сонымен қатар жауынгерлік рухты оятатын, ептілік пен батылдықты талап ететін өнер.