
Алматыда ұлыбританиялық Coventry University жоғары оқу орнының инженерлік кампусы ашылады. Бұл туралы қала әкімі Дархан Сатыбалды мен университет өкілдерінің кездесуінен белгілі болған.
Алматыда ашылатын жаңа кампуста машина жасау, электр қуаты, атом энергетикасы және құрылыс салаларында инженерлер даярланад
» Университет бизнес, қалалық құрылымдар және жоғары оқу орындарымен тығыз ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отыр. Әкімдік қаланың кадрлық және технологиялық әлеуетін дамытуға бағытталған білім беру бастамаларын қолдауға дайын екенін білдірді», – делінген ақпараттық хабарламада.
2024 жылы Coventry University Kazakhstan-ның алғашқы кампусы Астанада ашылған. Қазір онда 360-тан астам студент оқиды. Оқу ағылшын тілінде жүргізіледі, университетте Ұлыбританиядан келген мамандар жұмыс істейді.