Таяу Шығыстағы жағдайға қарамастан, қазақстандықтар Дубайға ұшып жатыр

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің тілшісі
Қазақстандықтар Дубайға әлі де ұшып жатыр/фото: shutterstock

Таяу Шығыстағы жағдайдың ушыққанына қарамастан, қазақстандықтар Дубайға ұшып жатыр. Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігі ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

«Кеше ғана Әмірліктердегі (БАӘ – ред.) дипломаттарымызбен сөйлестім. Олар кейінгі 6-7 ұшақтың лық толы барғанын айтты. Бұл – бір ғана тәуліктегі жағдай.  Енді әрі қарай өзіңіз есептей беріңіз. Бірнеше күн өтті, сол уақыт ішінде қанша адам ұшып кеткенін ойлай беріңіз», – дейді Смадияров.

Айта кетейік, бұған дейін Иранда шамамен 50-ге жуық, ал Израильде 170-ке тарта қазақстандық бар екені айтылды.

Сондай-ақ оқыңыз