Жаңалықтар

Бұрынғы судья Қарлығаш Таткееваға іздеу жарияланды

Бұрынғы судья Қарлығаш Таткееваға іздеу жарияланды/фото: gov.kz

Бұрынғы судья Қарлығаш Таткееваға іздеу жарияланды. Бұл туралы құқықтық статистика сайтында көрсетілген.

Қарлығаш Таткееваға іздеу жарияланды/фото: скриншот

Таткеева бұрын азаматтық істер бойынша Жоғарғы сот төрағасының кеңесшісі қызметін атқарған.

Таткееваға іздеу 2025 жылдың 20 маусымынан бастап жарияланды.

Іздестіруді бастау туралы шешімді сот қабылдаған, ал істі жүргізумен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті айналысып жатыр.