Ауа райы күрт құбылады: нөсер жауып, ыстықтың беті қайтады

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Ауа райы күрт құбылады: нөсер жауып, ыстықтың беті қайтады/Фото: shutterstock

«Қазгидромет» алдағы күндері ел аумағында ауа райы тұрақсыз сипат алатынын хабарлады. Бұған белсенді циклондар мен атмосфералық фронттар әсер етпек.

«Алдағы күндері елімізге тағы бір фронттық белсенділік толқыны әсер етіп, жауын-шашын болып, жел екпіні көтеріліп, найзағай ойнайды», – дейді синоптиктер.

Ел аумағының басым бөлігінде нөсер жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Ауа температурасы біртіндеп төмендеп, аптап ыстықтың беті қайтады:

  • Елдің көп бөлігінде +20…+28°C;
  • Солтүстікте +15…+23°C;
  • Оңтүстікте +25…+33°C.

Бұған дейін табиғат тосын мінезін танытып, Павлодарда дауыл тұрған. Салдарынан облыста үш қала мен бірқатар ауданда ТЖ жарияланған.

Сондай-ақ оқыңыз