
«Қазгидромет» алдағы күндері ел аумағында ауа райы тұрақсыз сипат алатынын хабарлады. Бұған белсенді циклондар мен атмосфералық фронттар әсер етпек.
«Алдағы күндері елімізге тағы бір фронттық белсенділік толқыны әсер етіп, жауын-шашын болып, жел екпіні көтеріліп, найзағай ойнайды», – дейді синоптиктер.
Ел аумағының басым бөлігінде нөсер жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Ауа температурасы біртіндеп төмендеп, аптап ыстықтың беті қайтады:
- Елдің көп бөлігінде +20…+28°C;
- Солтүстікте +15…+23°C;
- Оңтүстікте +25…+33°C.
Бұған дейін табиғат тосын мінезін танытып, Павлодарда дауыл тұрған. Салдарынан облыста үш қала мен бірқатар ауданда ТЖ жарияланған.