Қазақстан халқы кедейленіп бара ма

Сенатта премьер-министрдің бірінші орынбасары Серік Жұманғариннен ломбардтардың көбеюін немен байланыстыратыны жөнінде сұрақ қойылды.
Журналистердің бірі елде ломбардтардың саны артып жатқанына назар аударып, «бұдан елдің кедейленіп бара жатқанын көрмейсіз бе» ма деп сұрады.
Жұманғарин бұдан тек нарықтық қатынасты көреді.
«Ломбард ашқанның несі жаман, оған тыйым салына ма? Біз кәсіпкерлердің белсенділігіне ешқандай кедергі келтірмейміз деп талай айтып жүрміз. Сол себепті оларға ломбард сал ма деп айта алмаймыз. Керек болса, ашсыз. Ол да бәсекелестік қой», – дейді ол.
Қазақстандағы ресми кедейлік шегі 5,4%. Алайда үкіметтің кедейлік көрсеткіші мен Дүниежүзілік банк көрсеткіші сәйкеспейді. Дүниежүзілік банктің дерегінше, Қазақстандағы кедейлік деңгейі 8,5%-ға тең. Халықаралық ұйым мамандары мұның Қазақстан мен Дүниежүзілік банктің бағалау әдістемесіне байланысты болып отырғанын айтады