
Танымал қазақстандық рэпер, «91» тобының мүшесі Дулат Мұхаметқалиев (ZAQ) «Айқап» подкастына берген сұхбатында Алматыдан Астанаға көшуінің себебін алғаш рет айтты.
«Әйелімнің екіқабат екенін білген сәтте Алматыда жер сілкінісі болды. Бірінші сілкіністен кейін, ол өзін жайсыз сезіне бастады. Алғашында біз мұны жай қорқыныштан деп ойладық, бірақ кейін бала көтергенін білдік», — дейді музыкант.
ZAQ айтуынша, отбасы 13-қабатта тұрған және қауіпсіздік мақсатында төменгі қабаттардан пәтер іздей бастаған. Алайда бағаның күрт көтерілуі олардың шешіміне әсер еткен.
«2 бөлмелі пәтер үшін кварталға 5,6 млн теңге сұрады, оған қосымша депозит пен риелтор ақысы бар. Біз ойлана келе, одан да алғашқы жарна құйып, Астанаға көшу тиімді деп шештік»,— дейді ол.