Астанада Teach for Qazaqstan бағдарламасының алғашқы қатысушылары жұмысын тәмамдады

Жарияланды
Teach for Qazaqstan алғашқы қатысушылары / Фото: ұйымдастырушылар

21 маусым күні Астанада Teach for Qazaqstan бағдарламасының алғашқы 22 қатысушылары Қарағанды облысының мектептеріндегі екі жылдық жұмысын тәмамдады. Онда олар сабақ беріп қана қоймай, мектеп өмірінің бір бөлігі болды. 

Басталғаннан бері бағдарлама 3500 оқушыны қамтып, өңірдің 9 мектебімен ынтымақтасу арқылы іске асырылуда. Әдістің негізінде мектептерде ұзақ мерзімді жұмыс жасау, оқушылар мен педагогтар арасында көшбасшылықты дамыту, сондай-ақ жергілікті қауымдастықтарды еліктіру жатыр.   

Бағдарлама әрі қарай дамып жатыр. 2-ші лек қатысушылары мектептерде жұмыс жасап жүр, 3-ші лек іске кірісуге дайындалып жатыр. 2025 жылы TFQ өз жұмысын Қарағанды облысында жалғастырады және Павлодар мен Қостанай облыстары сияқты жаңа өңірлермен ынтымақтасуды бастайды. 

Түлектерді шығару екі жылдық жолдың аяқталуы ғана болып қоймай, жүйеде болып жатқан өзгерістердің ауқымына қарау мүмкіндігіне айналды. Қатысушылар сыныпта өзара түсіністік қалай қалыптасқаны, оқушылардың біртіндеп ашылып, сабақта өздерін сенімдірек ұстай бастағаны жайлы өздерінің күнделікті мектеп өмірінде орын алған оқиғаларымен бөлісіп жатты. Оқушылардың бірі өзінің оқуға деген көзқарасы қалай өзгергені жайлы айтып берген хикаясы ерекше назарға ие болды.

Teach for Qazaqstan алғашқы қатысушылары / Фото: ұйымдастырушылар

«Бұл екі жыл тек оқыту жайлы болған жоқ. Бұл балалар, мектеп командалары және біздің өзіміз үшін адал өсу кеңістігі болды. Алғашқы түлектер маңызды меже, алда да әлі көп нәрсе бар. Біз бағдарламаның мектептерді олардың даму жолында серіктестік, ат салысу және тікелей орындарда үнемі болу арқылы қалай қолдай алатынын көріп отырмыз», – деді Teach for Qazaqstan CEO Гүлнар Сәлмен.

Түлектерді шығару аптасымен бір уақытта Астанаға әр түрлі елдерден өздерінде дәл осындай бастамаларды іске асыруға мүдделі өкілдер келді. Олар TFAll оқыту семинарларын тыңдап, TFQ тәжірибесін зерделеді. Панельді пікірталас аясында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен бағдарламаның құрылған сәтінен бастап бас демеушісі – Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов сөз сөйледі.  

«Teach for Qazaqstan сияқты бағдарламалар тек кадрлық тапшылыққа жауап ретінде ғана емес, сондай-ақ мектептерде тұрақты өзгерістерді қалай орнатуға болатынына мысал ретінде де маңызды. Әрдайым сол жерде болу, қауымдастықпен серіктестік ету және дамуға ұмтылу – осының бәрі білім жүйесінде жаңа мәдениетті қалыптастырады», – деп атап өтті ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова. 

Күн мектеп өмірінің фотокөрмесімен, оқушылар жобаларының таныстырылуымен және серіктестерге алғыс номинацияларын беру рәсімімен аяқталды. Жылы тілдесу, қолдау және болашаққа жоспарлар атмосферасы басты нәрсені еске салды: білімдегі өзгерістер балаларға сенетін және олардың жанында жұмыс жасайтын адамдардан басталады. 

Сондай-ақ оқыңыз