23 маусым – Қазақстан полициясы күні

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
полиция
23 маусым – Қазақстан полициясы күні / фото: архив kursiv.media

Бүгін 23 маусым – Қазақстан полициясы күні. 2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 23 маусым – ресми түрде Қазақстан полициясы күні ретінде аталып өтеді.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов қызметкерлерді кәсіби мерекемен құттықтап, олардың қоғам қауіпсіздігін сақтау жолындағы табанды еңбегін атап өтті:

Ішкі істер органдарындағы қызмет жоғары кәсібилікті, төзімділікті және өз ісіне шексіз адалдықты талап етеді. Бүгін де, бұған дейінгідей, сіздер табандылық, жанқиярлық пен антына адалдық танытып келесіздер. Сіздерге зор денсаулық, амандық және жақсылық тілеймін! – деді министр.

Сондай-ақ, бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысы өтеді. Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың мәліметінше, жиынға ҚР Үкіметі, Президент әкімшілігі, Бас прокуратура, Қаржы мониторинг агенттігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылары қатысады.

Сондай-ақ оқыңыз