Алматыда өнеркәсіп саласы 5 айда 1 трлн теңгеге жеткен

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Алматы өнеркәсібі
Алматыда өнеркәсіп саласы 5 айда 1 трлн теңгеге жеткен / Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда өнеркәсіп өндірісі қарқын алған. Мәселен, 2025 жылдың қаңтар–мамыр айларында өндірілген өнім көлемі 976,2 млрд теңгеге жеткен. Бұл туралы қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Ең үлкен өсім машина жасау саласында байқалған. Салада өндіріс көлемі 36,3% артып, 366,1 млрд теңгеге жетткен. Солайша өңдеуші өнеркәсіптің жалпы көлемінің 46,7%-ын құраған. Ал машина жасау құрылымында негізгі үлес көлік құрастыру саласына тиесілі. Оның көлемі 36,1%-ды құраған.

Өнеркәсіптің басқа да маңызды салаларында оң серпін байқалған:

  • Ағаш бұйымдары – 35,2% өсіп, 3,4 млрд теңгені құраған;
  • Бейметалл минералды өнімдер өндірісі – 25,6% өсіп, 47 млрд теңгеге жетті;
  • Баспа ісі – 27,3% өсіп, 25 млрд теңге болған;
  • Фармацевтика – 14,2% өсіп, 11,2 млрд теңгеге артқан;
  • Киім өндірісі – 18,8% өсіп, 3,7 млрд теңгеге жеткен.

Жалпы саладағы бұл өсімді Алматыда шоғырланған 144 ірі және орта өнеркәсіптік кәсіпорындар беріп отыр. Олардың дені Жетісу, Түрксіб және Алатау аудандарында шоғырланған.

«Алматының Индустриялық аймағы мен «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА қарқынды дамып келеді. 2025 жылы Индустриялық аймақта жалпы құны 135,4 миллиард теңге болатын 11 жобаны іске қосу жоспарланған. Бұл жобалар нәтижесінде 4 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ. Ал арнайы экономикалық аймақта 18,5 млрд теңгенің 6 жобасын іске қосу және 415 жұмыс орнын құру көзделген», – деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Аламты экономикасының көтерілуі, жалпы өңірлік өсімге оң әсер еткен. Бұл көрсеткіш жан басына шаққанда 27,5 долларға жеткен.

Сондай-ақ оқыңыз