Жаңалықтар

Иран АҚШ-тың әскери базасына шабуыл жасады

Иран АҚШ-тың Сириядағы базаларына соққы берген / фото: KursivMedia мұрағаты
Иран АҚШ-тың Сириядағы базаларына соққы берген / фото: KursivMedia мұрағаты

23 маусым күні Иран АҚШ-тың Сирия аумағындағы әскери базасына шабуыл жасалған. Бұл туралы MehrNews сайты хабарлаған.

Ақпарат көздерінің айтуынша, шабуылдың нысаны – Сирияның Эль-Хасака провинциясының батысындағы Касрак ауданында орналасқан АҚШ әскери базасы болған.

Мұның алдында АҚШ Иранның ядролық нысандарына соққы берді. Иран мен Израиль бір-біріне әуеден бомба тастауы толастамай тұр.

Айта кетейік, 22 маусымда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.

Ведомствоның мәліметінше, АҚШ пен Иран арасындағы соңғы әскери әрекеттер салдарынан «халықаралық жағдай күрт ушығып, бұл біздің аймақ елдерінің қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін».

Сондай-ақ министрлік Қазақстанның Каспий маңы елдері тобына кіретінін және Иранмен әртүрлі салада ынтымақтастықты дамытып жатқанын атап өтті.