23 маусым – мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби мерекесі

23 маусым – мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби мерекесі. Дүниежүзі елдерінің мемлекеттік қызметкерлері бұл күнді атап өтеді.
Мемлекеттік қызметкерлер күні 2002 жылы 20 желтоқсанда белгіленді.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 57 сессиясында бұл жөнінде арнайы қарар қабылданды. Ал Қазақстанда 2013 жылы ресми түрде бекітілді.
Бүгінде мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдірудің басты қағидалары айқындалған.
Ашықтық пен адалдық – кадрларды қабылдау мен қызмет барысында жоғарылау процестері қоғам үшін барынша айқын әрі түсінікті болуы тиіс.
Еңбектің әділетті бағалануы немесе меритократия. Мемлекеттік лауазымдарға үміткерлерді іріктеу мен көтермелеу олардың тәжірибесіне, кәсіби машықтары мен құзыретіне негізделеді.
Икемділік – тиімділікті арттыру үшін заманауи технологиялар мен инновациялық тәсілдерді енгізу маңызды.
Үздіксіз даму – мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби қабілеттерін жетілдіру мен қызмет нәтижелілігін арттыру үшін оқыту мен біліктілікті арттыру шаралары тұрақты жүргізіледі.
Халыққа бағдарлану – сапалы қызмет көрсету, тиімді нәтиже мен қолжетімділікке мән беру.
Іскерлік және тиімділік немесе прагматизм – жұмыс барысында практикалық пайда әкелетін әдістер мен құралдарға басымдық беру.
Жауапкершілік пен есептілік – әрбір мемлекеттік қызметші қабылдаған шешімдері мен атқарған істері үшін қоғам мен мемлекет алдында есеп беруге міндетті. Сонымен қатар, жоғары этикалық нормаларға сай әрекет етіп, жемқорлыққа жол бермеу – басты талап.