Алматыда үш жасар бала терезеден құлап кетті
Жарияланды

Алматыда Ақкент ықшам ауданында үш жасар бала тоғызыншы қабаттан құлап кетті. Оқиға орнына келген дәрігерлер сәбидің өмірін сақтап қала алмады деп хабарлайды құзырлы органдар.
Оқиға 23 мамырда болған. Әзірге қайғылы жағдайдың мән-жайты белгісіз.
«Үш жасар баланың өліміне қатысты тергеу басталды. Алатау ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері болған жайтты анықтап жатыр», – деп жазылған Алматы полиция департаментінің хабарламасында.
Өкінішке орай, балалардың абайсызда терезеден құлап кетуі – жиі таралатын қайғылы жағдай. ТЖМ мәліметінше, жыл басынан бері 60 бала терезеден құлап кеткен. Ал 2024 жылы 196 жазатайым оқиға тіркелген. Көбінде терезеден аңдаусызда 2 жастан 13 жасқа дейінгі балалар құлайды.