Үкімет «Ақтөбе-Ұлғайсын» жолын салу үшін ЕҚДБ-дан несие алады

Еліміздегі«Ақтөбе – Ұлғайсын» автомобиль жолын жаңарту үшін Еуразиялық қайта құру және даму банкінен несие алынады. Бұл жайлы премьер-министр Олжас Бектенов пен ЕҚДБ басшысы Одиль Рено-Бассомен кездесуінен кейін белгілі болды.
Жол 4 жолақты қозғалысы бар 1 техникалық санатта болады, жалпы ұзындығы – 234 шақырым. Оны жаңалау үшін әзірге қанша көлемде несие алатыны белгісіз.
«Біздің назарымыз сапалы өсуді арттыру және халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін экономикалық дамуды трансформациялауға бағытталған. Өткен жылдың өзінде біз Сіздермен келешегі зор салаларда рекордтық сомасы 935 млн доллар болатын 25 жаңа жобаға қол қойдық. Қазақстан Үкіметі Еуропалық қайта құру және даму банкімен өзара мүдделі мәселелердің кең ауқымы бойынша әріптестікті тереңдетуге дайын екенін білдіреді», – деп атап өтті Олжас Бектенов.
Кездесуде бұдан бөлек елорданың электр энергиясына өсіп келе жатқан сұранысын қамтамасыз ету үшін Астана қаласында қосалқы станса салу жобасы қаралды. Сондай-ақ, әділ энергетикалық ауысу (Just Energy Transition Partnership) бойынша Қазақстанда елдік платформасын бірлесіп әзірлеуге назар аударылды.
Осыған дейін банк президенті Одиль Рено-Бассо ханыммен Тоқаев те кездесу өткізген еді. Сол кезде қаржы ұйымы Қазақстандағы бірқатар жобаларға 2 миллиард еуро көлемінде инвестиция салуға дайын екенін мәлімдеді.
ЕҚДБ – Қазақстандағы ірі халықаралық қаржы серіктестерінің бірі. Өткен жылы банк Қазақстан экономикасына жылдық инвестиция көлемін 3 еседен астамға ұлғайтты. Тараптар 25 жобаны қаржыландырды.