Енді қылмыс жайлы полицияға Egov Mobile арқылы хабарлауға болады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
полиция
Фото: ашық дереккөзден

Енді заң бұзылғаны жайлы полицияға мобильді қосымша арқылы хабарлауға болады. Egov Mobile қосымшасында жаңа «Заң және тәртіп» белгішесі пайда болды деп хабарлайды ІІМ.

Бұл белгішені басу арқылы пайдаланушылар полицияға тікелей хабарлама жолдай алады.

«Өтініш формасы қарапайым әрі түсінікті. Қоғамдық тәртіпті бұзу, тұрмыстық зорлық-зомбылық немесе жол-көлік оқиғасы секілді жағдайлар туралы сигнал жедел қабылданады, және полиция ол туралы хабарлама алған сәттен бастап дереу әрекет етеді», – деп хабарлады ІІМ.

Ұқсас белгішелер кейбір банк қосымшаларына да енгізілген. Қызмет тәулік бойы жұмыс істейді және ел бойынша барлық өңірлерден өтініштерді қабылдайды.

Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісін өткізді. Ол жиналғандарды Полиция күні және Мемлекеттік қызметші күнімен құттықтады. Ауылдағы учаскелік инспекторларды баспанамен қамтып, материалдық-техникалық базасын нығайтуды тапсырды.

Сондай-ақ оқыңыз