Мұсылмандарға Counter-Strike пен Dota ойнауға бола ма?

Жарияланды 23 Маусым 2025 18:35

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

Business News бөлімінің тілшісі a.abitay@kursiv.media
CS2 и Dota 2 запрещены для мусульман в Казахстане
Компьютерлік ойындарға рұқсат па? / Фото: коллаж Kursiv Media

Counter-Strike 2, Dota 2, GTA, League of Legends, Minecraft және Genshin Impact сияқты танымал ойындардың шариғатқа сай келмейді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) мұсылмандарға ол ойындарды ойнауға кеңес бермейді. Ұйымның Kursiv Media сауалына жіберген жауабында осылай жазылған.

ҚМДБ хабарламасында зорлық-зомбылық, кісі өлтіру, соғыс, дінсіздік немесе дінге күлкі етіп қарау секілді көріністер бар барлық ойындарға қатаң тыйым салынатыны айтылған. Оған негіз ретінде Мәида сүресінен үзінді келтірілген.

«Әй мүміндер! Арақ, құмар, тігілген тастар (пұттар) және бал ашатын оқтар лас, шайтанның істерінен. Одан сақтаныңдар, құтыларсыңдар», – деп жазылған Мәида сүресінің 90-аятында.

Бұл қағида Counter-Strike 2, Dota 2, GTA сияқты жобаларға тікелей қатысты, себебі оларда қатігездік, зорлық және ислам нормаларына қайшы мазмұн кездеседі деп атап өтеді ұйым. Сондықтан шариғат бойынша бұл ойындарды мұсылмандарға ойнауға тыйым салынған.

«Оның орнына логикалық, танымдық және білім беретін мазмұндағы ойындарға рұқсат етілген. Пайғамбарымыздың (оған Алланың сәлемі болсын): «Жүректерге анда-санда тынығу беріңдер» деген хадисі еске сала отырып, ойын арқылы демалуға рұқсат етілетіні, бірақ оның шектен шықпауы керектігін айтамыз», – деп жазылған жауапта.

Электронды ойындар келесі шарттарға сай болса, тұтастай тыйым салынбайды:

  • Діни міндеттерді орындауға кедергі келтірмеуі тиіс;
  • Құмар ойын элементтері болмауы керек;
  • Жеке тұлға мен психикаға зиян келтірмеуі тиіс;
  • Дөрекі сөздер, балағат пен әдепсіздік болмауы тиіс;
  • Ақыл-ойды дамытып, тым көп уақыт алмауы тиіс.
Сондай-ақ оқыңыз