Air Astana Дубай мен Дохаға қатынайтын рейстерді тоқтатты

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Air Astana БАӘ мен Катар қалаларына әуе рейстерін тоқтауға мәжбүр болды / фото: Air Astana
Отандық әуе компаниясы БАӘ мен Катар қалаларына әуе рейстерін тоқтауға мәжбүр болды / фото: Kursiv.Media мұрағаты

Air Astana компаниялар тобы 24 маусым, сейсенбіге белгіленген үш рейсті тоқтатты. Әуе компаниясы мұндай шешімді Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуімен түсіндірді.

Air Astana Біріккен Араб Әмірліктері мен Катар қалаларына қатынайтын әуе рейстерін тоқтату жөнінде шешім қабылды:

  • КС205/206/Астана-Дубай-Астана;
  • КС897/898/Алматы-Дубай-Алматы;
  • KC551/552/Шымкент-Доха-Шымкент (чартер).

Коммания орындалмаған рейстердің жолаушыларына ақысыз қайта брондау немесе билет құнын толық қайтаруды ұсынды.

Әуе компаниясы Таяу Шығыстағы жағдайды мұқият қадағалап отыр. Әуе компаниясы рейстер кестесін 25 маусымда қайта қарайды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін SCAT әуе компаниясы да бірқатар рейсін ауыстырды. Оның алдында Wizz Air Abu Dhabi әуе компаниясы Астана-Абу-Даби, ал Air Astana Атырау-Дубай рейсін тоқтатты.

Сондай-ақ оқыңыз