
23 маусымда түнде Иран АҚШ-тың Ирак пен Катардағы әскери базаларына соққы жасады. Тегеран базаларға шабуыл жасағанын CNN телеарнасына америкалық екі шенеунік растады.
Дүйсенбі күні түнде Иран Құрама Штаттардың Ирак пен Катардағы әскери базаларына бірнеше зымыран ұшырды. Ислам революциясының сақшылары корпусының мәлімдеуінше, соққы Катардағы Әл-Удейд әуе базасына жасалған. Тегеран мұны АҚШ-тың Иранға шабуылына қарымта соққы деп атады.
Катар астанасы – Доха тұрғындары CNN телеарнасына қалада қатты жарылыстар болғанын мәлімдеді. Жергілікті билік азаматтарды қауіпсіз жерге жасырынуға кеңес берді.
Катар билігі иран зымырандарын әуеде жойғанын, ешкім зардап шектегенін мәлімдеп отыр. Бұған қоса, Доха шабуылға тікелей жауап беру құқығына ие екенін ескертті. Бұл туралы Катар СІМ өкілі Маджед Әл-Ансари мәлімдеді.
Америкалық шенеуніктің айтуынша, Иран Катардағы әуе базасын шағын және орта қашықтыққа ұшатын баллистикалық зымырандармен атқылаған.
«Қазіргі уақытта АҚШ жағынан қаза тапқандар жоқ», — Құрама Штаттар қорғаныс министрлігінің шенеунігі.
Естеріңізге сала кетейік, 13 маусымда таңертең Израиль Иранның ядролық және әскери нысандарына соққы жасады. Тегеран Израиль мен АҚШ-тан кек алуға уәде берді. Таяу Шығыстағы екі бір-бірін бір аптадан аса уақыт бойы атқылап келеді. Ал 22 маусымға қараған түні ұрысқа АҚШ араласты. Ол Иранның ядролық нысандарына ауыр бомба тастады. Арасында алынбас қамалға айналған Фордо ядролық зауыты да бар.
Тегеран АҚШ-тан кек алатынын мәлімдеді. Енді бүгін, 23 маусымда Иран Құрама Штаттардың Катар, Ирак және Сириядағы әскери базаларын атқылап отыр.