Air Astana 25 маусымнан бастап Таяу Шығыс елдеріне ұшуы мүмкін

Air Astana 25 маусымынан бастап Таяу Шығысқа рейстерді орындауды жоспарлап отыр. Әуе компаниясы атыстың тоқтағаны туралы ресми хабарландыру болған жағдайда ғана мұндай шешім қабылданатынын мәлімдеді.
Қақтығыс одан әрі шиеленіскен жағдайда 25 маусымдағы Таяу Шығысқа рейстер тоқтатылады.
«Жағдайды бағалау үшін Алматыдан Дубай мен Дохаға рейстер кешігіп ұшады деп жоспарланып отыр. Жолаушылардан әуе компанияның сайтында рейстердің статусын қадағалауды сұраймыз», – деп хабарлады Air Astana.
Жолаушылар әке компаниясымен байланыс үшін мына нөмірге хабарласа алады:
help.airastana.com
+7 727 244 4477 (24/7)
+7 7172 584477 (24/7)
+7 702 702 4477 (24/7)
Рейстердің кідіруі және тоқтатуы мәселелері бойынша жедел желі:
+7 7272 44 44 78 (24/7)
WhatsApp: +7 702 702 00 74 (24/7)
Online chat: airastana.com (24/7)
Бұған дейін көлік министрлігі хабарлауынша, бірқатар елге ұшуға ресми түрде шектеу енгізілген.
Соңғы мәліметке сәйкес, шектеулер келесі елдерде қолданылады:
- Израиль әуе кеңістігі толық жабық;
- Иран әуе кеңістігі толық жабық (оның ішінде Парсы және Оман шығанақтары);
- Ирак, Иордания, Ливан — зымыран мен дрон шабуыл қаупіне сәйкес ұшулар уақытша шектелді;
- Кувейт, Бахрейн, БАӘ — рейстерді шектелді және тоқтатылды, ішінара қақтығыс аймағына жақын маршруттар бұғатталды.