
Иранның Дохадағы «Әл-Удейд» әскери базасына жасаған шабуылынан кейін Кувейт, Бахрейн, Катар, БАӘ әуе кеңістігін жапқан еді. The Economic Times хабарлауынша, Катар әуе кеңістігін қайта ашты, рейстер қайта іске қосылып жатыр.
«Катарда әуе қозғалысы уақытша тоқтатылғаннан кейін рейстер қайта орындалып жатыр», – деп жазды басылым.
Qatar Airways X (бұрынғы Twitter) парақшасында рейстердің қайта іске қосылғанын хабарлады.
«Qatar Airways Катар мемлекетінде әуе кеңістігі қайта ашылғаннан кейін рейстердің орындалып жатқанын растайды. Басты мақсатымыз – жолаушыларымыздың үйлеріне аман-есен оралуына немесе сапарларын қауіпсіз әрі ыңғайлы түрде жалғастыруына көмектесу», – деп мәлімдеді әуекомпания.
Qatar Airways confirms reinstatement of flights as airspace reopens in the State of Qatar.
— Qatar Airways (@qatarairways) June 23, 2025
Our focus at this time is to help our passengers return home or reach their onward journey safely and smoothly.
We’ve deployed extra ground staff at Hamad International Airport to support…
The National хабарлауынша, Дубай халықаралық әуежайы (Dubai International Airport) мен Әл-Мактум халықаралық әуежайын (Al Maktoum International Airport) басқаратын мекеме рейстердің кестеге сай орындалуын қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп жатқанын мәлімдеген. Алайда жолаушылардың сапар жоспары өзгеруі мүмкін екенін ескертті.
«Жолаушылар мен авиация қызметкерлерінің қауіпсіздігі мен амандығына басымдық береміз. Дубай әуежайлары рейстердің кестеге сай орындалуын қамтамасыз ету үшін әуе компанияларымен жұмыс істеп жатыр, дегенмен кейбір рейстер кешігуі немесе тоқтатылуы мүмкін», – делінген ақпаратта.
BNA хабарлауынша, Бахрейннің тасымалдау және телекоммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация істері бөлімі әуе кеңістігінің толық қайта ашылғанын мәлімдеген.
Айта кетейік, бұған дейін Иранның Дохадағы «Аль-Удейд» әскери базасына жасаған шабуылынан кейін Парсы шығанағындағы бірнеше ел өз әуе кеңістігін жапты.
Дубайда жүрген қазақстандықтарға үндеу жарияланды
Қазақстанның СІМ Таяу Шығыс елдерінде, әсіресе Қатар мен Біріккен Араб Әмірліктерінде жүрген Қазақстан азаматтарына келесі сақтық шараларын ұстануды ұсынды.
- сабыр сақтап, жергілікті билік органдары белгілеген қауіпсіздік шараларын қатаң орындау;
- адамдар көп жиналатын іс-шараға қатысудан және әскери нысандарға жақындаудан аулақ болу;
- қабылдаушы елдердің ресми органдары мен Қазақстан өкілдіктері таратқан ақпаратты мұқият бақылау;
- брондалған рейстердің статусын және елден шығу бағыттарын тұрақты түрде нақтылап отыру.