
Иранның Дохадағы «Аль-Удейд» әскери базасына жасаған шабуылынан кейін Парсы шығанағындағы бірнеше ел өз әуе кеңістігін жапты.
Кувейт, Бахрейн, Катар және Біріккен Араб Әмірліктерінің бұл шешімі аймақтағы әуе қозғалысы мен қауіпсіздік саясатына елеулі өзгерістер әкелді, деп жазды The Economic Times.
АҚШ базасына жасалған шабуылдан кейін Бахрейн қауіпсіздік мақсатында әуе кеңістігін уақытша жапқаны туралы хабарламады. Содан кейін Kuwait Airways авиакомпаниясы елден ұшатын барлық рейсті аймақтағы жағдайға байланысты тоқтатқанын мәлімдеді.
Катар да аймақтағы шиеленістің күшеюіне және қауіпсіздікке байланысты өз әуе кеңістігін уақытша жапты. Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) де осындай шешім қабылдаған, деп жазды FlightRadar.
Оқиғаның мән-жайы
Айта кетейік, 23 маусымда Иран АҚШ-тың Ирак пен Катардағы әскери базаларына соққы жасады. Соққы Катардағы Әл-Удейд әуе базасына жасалған. Тегеран мұны АҚШ-тың Иранға шабуылына қарымта соққы деп атады.
Оған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ әуе соққылары Иранның үш негізгі ядролық нысанын «толық жойғанын» мәлімдеді. Сондай-ақ Тегеран Израильмен бейбіт келісімге келмесе, әскери іс-қимылдарды жалғастыратынын ескерткен.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы жағдайдың ушыққанына қарамастан қазақстандықтар Дубайға ұшып жатқанын мәлімдеген еді.
БАӘ-дегі қазақстандықтарға үндеу жариялады
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына үндеу жариялады.
СІМ Таяу Шығыс елдерінде, әсіресе Қатар мен Біріккен Араб Әмірліктерінде жүрген Қазақстан азаматтарына келесі сақтық шараларын ұстануды ұсынады:
- сабыр сақтап, жергілікті билік органдары белгілеген қауіпсіздік шараларын қатаң орындау;
- адамдар көп жиналатын іс-шараға қатысудан және әскери нысандарға жақындаудан аулақ болу;
- қабылдаушы елдердің ресми органдары мен Қазақстан өкілдіктері таратқан ақпаратты мұқият бақылау;
- брондалған рейстердің статусын және елден шығу бағыттарын тұрақты түрде нақтылап отыру;
- жедел байланыс нөмірі арқылы Қазақстан Республикасының елшіліктерімен тікелей байланыста болу.
Байланыс нөмірлері
Қазақстанның Қатардағы елшілігі:
+97450649955
+97470910579
kazconsul.doha@gmail.com
doha@mfa.kz
Қазақстанның БАӘ-дегі елшілігі (Әбу Даби қ.):
+97124498778
+971503629805
abudhabi@mfa.kz
Қазақстанның Дубайдағы бас консулдығы:
+971556103341
+971505701978
dubai@mfa.kz
ҚР Сыртқы істер министрлігі:
+7 (7172) 72 05 00