БАҚ қызметкерлеріне президент сыйлығы мен гранты табысталды
Жарияланды
(жаңартылды )

Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен президенттің БАҚ саласындағы сыйлығы 4 адамға табысталды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Олар:
- «Egemen Qazaqstan» газеті бас редакторының орынбасары – Талғат Батырхан;
- «АЙҚЫН-ЛИТЕР» ЖШС директоры – Талғат Қырықбаев;
- «Казахстанская правда» газетінің бөлім редакторы – Юлия Магер;
- «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының шеф-редакторы – Армангүл Тоқтамұратқа берілді.
Ал президенттің БАҚ саласындағы гранты:
- «Kokshe» телеарнасының шеф-редакторы – Зарина Бекқалиеваға;
- «Jibek Joly / Silk Way» телеарнасының тілшісі – Күнсая Құрмет-Рахимоваға;
- «Abay Live» YouTube арнасының авторы – Абай Тіленшиевке;
- «Тengrinewskz» сайтының тілшісі – Алина Шашкинаға берілді.
Айта кетейік, 28 маусым – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні.