Жаңалықтар

Иран Израильмен атысты тоқтату режимі күшіне енгенін мәлімдеді

Иран Израильмен атысты тоқтату режимі күшіне енгенін мәлімдеді/Фото: Reuters

Иранның Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесі Израильмен атысты тоқтату туралы қауіпсіздік режимі күшіне енгенін хабарлады, деп жазды ВВС.

Кеңестің хатшылығы таратқан мәлімдемеде 12 күнге созылған соғыс барысында «әрбір жаулық әрекетке жойқын жауап берілгені» және «халық бұрын-соңды болмаған бірліг көрсеткені» атап өтілген.

Мәлімдемеде, егер бітім бұзылатын болса, Иран кез келген келесі басқыншылыққа қатаң жауап беруге дайын екені айтылған.

Бұған дейін, АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен Иран арасындағы атыс тоқтайтынын мәлімдеген.

Ол атысты тоқтату режимін Иран бірінші болып бастайтынын, 12 сағат өткеннен кейін Израиль оған қосылатынын айтқан.

Қақтығыс қалай басталды?

13 маусым күні таңертең Израиль Иран аумағындағы ядролық және әскери нысандарға соққы жасады. Бұған жауап ретінде Тегеран Израиль мен АҚШ-тан кек алуға уәде берді. Осыдан кейін қос тарап бір-біріне соққы жасауды жалғастырып, қақтығыс 12 күнге созылды.

22 маусымға қараған түні АҚШ Иранның ядролық инфрақұрылымдарына ауыр әуе шабуылын ұйымдастырды.