Lifestyle

«91» тобын Сәтпаев қаласынан қуып шыққан

«91» тобын Сәтпаев қаласынан қуып шыққан / Фото: Айқап подкаст

Танымал қазақстандық музыкант, «Ninety One» тобының мүшесі Alem «91» тобын кейбір қалаларға концертпен кіргізбей қойғанын «Айқап» подкастында айтты. 

Оның айтуынша, екі-үш жыл бұрын Түркістан қаласында жоспарлы іс-шаралар өтпей қалған. 

«Сәтпаев қаласына кіре алмадық. Бір рет кіріп, сол кезде артымыздан машина қуып, ал форма киген ағалар бізді қонақүйге кіргізіп, содан шығармады. Келесі күні ұшаққа отырғызып, кері қайтарды», — дейді Alem. 

Ол сондай-ақ жағдайдың ушығуына әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ақпарат себеп болғанын айтты.

«WhatsApp-та «91 тобын ұстап, ұрып-соғып, видеоға түсірсеңдер — ақша береміз» деген хабарламалар тараған екен.

Сонымен қатар, Alem Атырау мен Ақтау қалаларында мұндай қиындықтар болмағанын атап өтті. 

Alem & ZAQ | Партнерские роды | Балаға вакцина салу | Әкелер декретке шығуы қажет