Жаңалықтар

Алматыда жас қыз көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кетті

Алматыда жас қыз көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кетті / фото: Elements.envato.com

2025 жылғы 24 маусым күні таңғы сағат 8:30 шамасында Алматы қаласында қайғылы оқиға болды. Молдағұлова көшесі, 32-үй мекенжайында орналасқан 9-қабатты тұрғын үйдің терезесінен жас қыз секіріп кеткен.

Оқиғаны «Курсив» тілшісіне оқиға куәгері хабарлаған. Оның айтуынша, қайғылы жағдай куәгерлердің көз алдында орын алған.

Оқиға орнына жедел жәрдем мен үш полиция көлігі келген. Полиция мәліметінше, 29 жастағы қыздың қаза болу фактісі бойынша Алмалы ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.