
19–22 маусым аралығында ең көп касса жинаған фильмдер белгілі болды. Freedom Ticketon ұсынған деректерге сүйенсек, апта көшбасшысы – «Айдаһар мінген шабандоздар» мультфильмі. Үшінші апта қатарынан көрсетіліп жатқан бұл туынды 163 млн теңгеден астам табыс жинады.
Апта үздіктері:
1. «Айдаһар мінген шабандоздар» – 163 429 332 теңге (3-апта)
Классикалық анимацияның жаңа нұсқасы көрермендердің көңілінен шығып, үздіксіз табыс әкеліп жатыр.
2. «Элио» – 83 869 396 теңге (1-апта)
Pixar студиясының жаңа анимациялық фильмі алғашқы аптасында-ақ екінші орынға табан тіреп, жоғары нәтиже көрсетті.
3. «Биік сезім» – 80 163 889 теңге (1-апта)
Қазақстандық комедиялық мелодрама бағыттағы бұл фильм алғашқы аптасында-ақ үздік үштікке енді.
4. «28 жылдан кейін» – 79 454 128 теңге (1-апта)
Хоррор мен атыс-шабыс жанрындағы бұл фильм де алғашқы күндері жоғары сұранысқа ие болды.
5. «Материалистка» – 51 138 100 теңге (2-апта)
Екінші аптада да көрерменнің қызығушылығын жоғалтпаған романтикалық комедия.
Қалған орындарға «Каратэ-пацан: Легенды» (33 млн тг), «Лило мен Стич» (28 млн тг), «Балерина» (24 млн тг) секілді фильмдер енген.