Lifestyle

«Айдаһар мінген шабандоздар» көш бастады: Соңғы аптада ең көп касса жинаған фильмдер

«Элио» мультфильмі соңғы аптада 83 869 396 теңге жинады / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

19–22 маусым аралығында ең көп касса жинаған фильмдер белгілі болды. Freedom Ticketon ұсынған деректерге сүйенсек, апта көшбасшысы – «Айдаһар мінген шабандоздар» мультфильмі. Үшінші апта қатарынан көрсетіліп жатқан бұл туынды 163 млн теңгеден астам табыс жинады.

Апта үздіктері:

1. «Айдаһар мінген шабандоздар» – 163 429 332 теңге (3-апта)

Классикалық анимацияның жаңа нұсқасы көрермендердің көңілінен шығып, үздіксіз табыс әкеліп жатыр.

2. «Элио» – 83 869 396 теңге (1-апта)

Pixar студиясының жаңа анимациялық фильмі алғашқы аптасында-ақ екінші орынға табан тіреп, жоғары нәтиже көрсетті.

3. «Биік сезім» – 80 163 889 теңге (1-апта)

Қазақстандық комедиялық мелодрама бағыттағы бұл фильм алғашқы аптасында-ақ үздік үштікке енді.

4. «28 жылдан кейін» – 79 454 128 теңге (1-апта)

Хоррор мен атыс-шабыс жанрындағы бұл фильм де алғашқы күндері жоғары сұранысқа ие болды.

5. «Материалистка» – 51 138 100 теңге (2-апта)

Екінші аптада да көрерменнің қызығушылығын жоғалтпаған романтикалық комедия.

Қалған орындарға «Каратэ-пацан: Легенды» (33 млн тг), «Лило мен Стич» (28 млн тг), «Балерина» (24 млн тг) секілді фильмдер енген.