
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев өзінің үлкен қызы Саида Мирзиёеваны президент әкімшілігінің басшысы етіп тағайындады. Бұл лауазым 2023 жылы қысқартылған еді, алайда енді қайтадан енгізіліп отыр.
Саида Мирзиёева 40 жаста, экономика ғылымдарының кандидаты. Бұған дейін екі жыл бойы президенттің көмекшісі қызметін атқарды. Ақпараттық саясат пен қоғаммен байланыс салаларында жұмыс істеген. Соңғы жылда Саида Мирзиёева бірнеше халықаралық сапар жасап, соның ішінде Қазақстан Президентімен де кездескен болатын.
Шавкат Мирзиёев 67 жаста. 2016 жылы Ислам Каримов қайтыс болғаннан кейін билікке келді. 2023 жылы Өзбекстан Конституциясына өзгерістер енгізіліп, оның бұған дейінгі президенттік мерзімдері есепке алынбайтын болды. Осылайша, Мирзиёев 2037 жылға дейін билікте қала алады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Саида Мирзиёеваның жақтасы Өзбекстанда танымал саяси тұлғалардың бірі Комил Алламжоновқа оқ атылып, қастандық жасалған еді.