Атырауды көк түтінге ораған қамыс өрті толығымен өшірілді – ТЖМ

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
"Ақжайық" резерватындағы өрт
«Ақжайық» резерватындағы өрт толық сөндірілді / Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігі «Ақжайық» резерватындағы өрттің толығымен өшірілгенін хабарлады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

«2025 жылғы 24 сәуір күні сағат 14:00-де «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында орын алған өрт толықтай сөндірілді», – делінген министрлік хабарламасында.

Тілсіз жаумен күреске Төтенше жағдайлар министрлігінің 150 қызметкері және 35 техника бірлігі жұмылдырылған.

Өрт себебі әлі нақтыланбаған. Министрлік мәліметінше, ТЖМ қызметкерлері қазіргі таңда өрттің шығу себептерін анықтап жатыр.

Еске сала кетсек, 31 мамырда  «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватында қамыс өртеніп, Атырау қаласын көк түтін басқан болатын.

Төтенше жағдайлар министрлігі 280 гектар жердің отқа оранғанын хабарлады. Су жағасындағы қамыс отқа оранғаны себепті, өртті сөндіру жұмыстары ұзаққа созылған.

Сондай-ақ оқыңыз