
«Курсив» газетінің 2024 жылғы 16 мамырда шыққан 1034-нөмірінің алғашқы беті European Newspaper Award халықаралық жүлдесіне лайық деп танылды.
Мақаланың мәнін ашқан сурет
Редакция мүшелеріне марапат 2025 жылдың 23 маусымында Вена қаласында табысталды. Жүлдені басылымның бұрынғы бас редакторы Татьяна Николаева мен Kursiv.media сайтының бас редакторы Татьяна Трубачеваға табысталған.
Нөмірдің басты материалы — Қырғызстандағы ықпалды қылмыстық топ серкесі Қамшы Көлбаевтың (Қамчыбек Асанбек) империясы туралы. Алғашқы беттегі иллюстрацияда тау етегіндегі қалаға қарап тұрған, тәжі бар, бірақ өзі таз, пиджакта теріс қарап отырған ер адам бейнеленген. Бұл – қылмыстық беделі жоғары Қамчыбек Асанбектің бейнесіне жасалған аллюзия болатын. Міне сәтті жасалаған осы аллюзия, мақаланың мәнін аша түсіп, көпшілік көңілінен шыққан.

Мұқаба идеясы қалай туындады?
Kursiv.media сайтының бас редакторы Татьяна Трубачева мақаланың мәтіні мен мұқабасы қалай пайда болғанын айтып берді.
«Мен Қырғызстандағы бір әріптесіме заңды ұры саналып жүрген Қамшы Асанбек туралы мәтін жазуды тапсырдым. Алайда ол дәйекті мақала жаза алмады. Сондықтан мен қылмыскерді жою туралы қырғыз БАҚ-тары жариялаған ақпаратты електен өткізіп, өзім мақала әзірлеп шықтым. Бірінші бетке иллюстрация жасау идеясын да өзім ұсындым. Менің тауға, өзі басқарған қалаға қарап отырған көрініс туралы идеямды редакция жоғары бағалады. Мұқаба дизайны осылай пайда болды. енді міне сол мұқаба үшін «Курсив» газеті марапатқа ие болып жатыр», – деді Татьяна Трубачева.
European Newspaper Award туралы
Ал соңғы саны 2025 жылдың ақпанында жарық көрген «Курсив» газетінің бұрынғы бас редакторы Татьяна Николаева қазылар алқасына бірінші беттегі мақала дизайнын жоғары бағалағаны үшін алғысын білдірді. Конкурсқа қатысқан басқа газеттердің де еңбегін жоғары бағалап, олардың да мұқабалары өте сапалы шыққанын атап өтті.
«Біз басқа жеңімпаз басылымдардың дизайнын үлкен экраннан көріп отырмыз. Бұл расында өте мықты жұмыстар. Еуропалық газеттер арасында көзге түскен өте қызықты дизайндар да болды. Біздің газеттің осындай сапалы жұмыстар арасында болғаны көңіл қуантады», – деді ол.
European Newspaper Award – газеттік дизайн саласындағы беделді халықаралық байқау – 1999 жылы танымал газет дизайнері Норберт Куппердің бастамасымен құрылды. 2025 жылғы 26-шы рет өткен байқауға 22 елден газеттер қатысып, 20 номинация бойынша 3 мыңнан астам өтінім қабылданды. Ал «Курсив» газетінің European Newspaper Award сылығының Cover and Coverstory Nationwide Newspaper (ұлттық басылымның бірінші беті мен басты мақаласы) номинациясында жеңімпаз атанғаны 2025 жылдың ақпан айында белгілі болды.
Осы орайда редакциямыз European Newspaper Award шарасына сапар ұйымдастырғаны үшін JTI компаниясына алғысын білдіреді.